Бренд тарихы
1863 ж. Күн көру үшін оқушыларына қаламсап сатып жүрген Джордж Сэффорд Паркер күтпеген нәрсе — ақпайтын қаламсап жасау идеясына қызығады!
1888 ж. Салада екі басты мәселе қаламсаптардың қысқа қызмет мерзімі мен сияның ағуы болған кезде Джордж Сэффорд Паркер жазудың бет-бейнесін өзгертуге шешім қабылдайды. Басты жаңалық: Паркер Lucky Curve — капиллярлық тартылыс салдарынан сия қайтадан резервуарға тартылып, ағу мүмкіндігін азайтатын сия беру жүйесіне патент алды.
1889 ж. Оның арманы орындалған сияқты: Джордж Сэффорд Паркер 1889 жылы өзінің алғашқы қауырсын қаламсабына патент алады.
1898 ж. Сырғымалы қақпаққа патент алынды.
1905 ж. Үлкен өлшемді қауырсын қаламсаптарға тұтынушылық сұраныс өскен жағдайда Duofold моделінің алдындағысы — Black Giant қаламсабы өндіріске енгізілді.
1919 ж. Бірінші дүниежүзілік соғыс басталғанға дейін Джордж Сэффорд Паркер «өзін-өзі жасаған», бизнесті ләззатпен ұштастырған адамның классикалық үлгісі болды. Енді бизнес пен отбасын ұштастыру уақыты келді. Паркердің ұлы Кеннет 1914 жылы ағасы Расселдің соңынан компанияға қосылды.
1921 ж. Parker компаниясы Duofild қауырсын қаламсабын шығарады. «Қызыл алып» (Big Red) деген атпен белгілі бұл модель бірден өз заманының ең озық қаламсабы деп танылып, сонымен бірге ең беделді әрі қымбат қаламсапқа айналды. Бүгін де назар аудартатын стильді бейне.
1924 ж. Parker компаниясы Атлант мұхитын кесіп өтіп, Лондонда дистрибьюторлық бизнес ұйымдастырады. Ұлыбританиядағы кеңседен Parker қаламсаптары бүкіл құрлыққа тарайды. Тамаша нәтиже!
1939 ж. Жабық қауырсынмен және қағазға тиген сәтте кебетін жаңа сиямен жабдықталған Parker 51 моделінің жасалуы маңызды жетістік болды. Бәлкім, ғасырдың ең үздік қаламсабы.
1954 ж. Шарикті қаламсаптар қырқыншы жылдардың ортасында-ақ пайда болғанымен, Parker компаниясы өз коллекциясын Parker Jotter — көлемді стержені бар жоғары сапалы шарикті қаламсаппен толықтыру үшін қолайлы сәтті күтті. Бұл шынымен күтуге тұрарлық еді.
1956 ж. Прогресті тоқтату мүмкін емес! Parker 51 моделі жасалғаннан 17 жыл өткен соң Parker компаниясының конструкторлары өздерінің соңғы жетістігін — капиллярлық тартылыс есебінен сияны құтыдан өзі тартатын механикалық толтыру жүйесі бар алғашқы қауырсын қаламсап Parker 61-ді ұсынды. Parker компаниясының тарихы әрқашан сия саласындағы инновациялармен тығыз байланысты болды. Енді Parker компаниясы 45-калибрлі «Кольт» тапаншасының құрметіне аталған картриджі бар алғашқы қаламсапты ұсынады. Батысты жеңген қару сияқты, қаламсапты жай ғана оқтап, пайдалана бересіз.
1982 ж. Жаңа туындылардың тұтас толқынын әкелген көрнекті табыстар жылы. Parker Vector роллер қаламсабы жалпы тәнті еткен жаңа бейнені көрсетті, одан кейін Vector қауырсын қаламсабы, шарикті қаламсабы және қарындашы шықты.
1992 ж. Duofold коллекциясы үнемді жаңару қабілетімен таңғалдыруды жалғастырып келеді. Онсыз да әсерлі қатар Pearl және Black дизайн нұсқаларымен толықтырылды.
1992 ж. Sonnet моделі — нағыз бестселлер. Өткеннің әйгілі модельдерінен шабыт алған бұл қаламсап ең жаңа, озық технологияны бойына сіңірген.
2004 ж. Parker отбасына толықтыру: заманауи технологиялар мен жабық қауырсын тұжырымдамасын үйлестіретін Parker 100 моделі.
2009 ж. Parker компаниясы XXI ғасырда стильдің жаңа стандартын жасап, «дресс-код» белгілейді: сымбаттылық пен асыл материалдар — оның ажырамас элементтері.
2010 ж. Parker компаниясы аса тегіс ағынды және ерекше тез кебуді қамтамасыз ететін керемет гибридті сия шығарып, табысын тағы қайталайды. Қысқаша айтқанда, Parker-дің шарикті қаламсаптар үшін тарихтағы ең ұлы өнертабысы деп атауға болатын Quinkflow® технологиясын ашыңыз.
2011 ж. Қаламсап өндірісінде инновацияның жаңа дәуірі басталды. Parker Ingenuity моделі жазу әлемін бірегей, революциялық Parker 5TH™ технологиясымен таңғалдырды.
2013 ж. Туған күніңмен! Мәңгі жас Parker компаниясына 125 жыл толады, бірақ ол әлі де алғашқы күніндегідей жаңа идеяларға толы.